Қостанай облысында шегіртке тараған ошақтардың 95%-ы өңделді
Қостанай облысында шегірткеге қарсы күрес науқаны жалғасуда. Бүгінгі таңда анықталған ошақтардың 95%-дан астамы 63 мың гектардан астам жерде өңделді.
Қостанай облысында шегірткеге қарсы ауқымды күрес науқаны жалғасуда. Мамандар 2 миллион гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары мен жайылымдарды тексеруді жоспарлап отыр. Фитосанитарлық қызметтер зиянкестердің негізгі таралуы өңірдің оңтүстік аудандарында байқалатынын атап өтті.
Қазіргі уақытта бір жарым миллион гектарға жуық жер тексерілді. Шегірткенің зияндылық деңгейі рұқсат етілгеннен асатын ошақтары 63 мың гектардан астам жерде анықталды. Олардың 95 пайыздан астамы химиялық препараттармен өңделді.
Техника және нәтижелер
Жұмыстарды жүргізу үшін ондаған арнайы техника, соның ішінде агродрондар, аэрозольді қондырғылар және аса жеңіл авиация жұмылдырылды. Бейінді ведомство өткен жылмен салыстырғанда зиянкестердің таралу ауқымы азайғанын және қазіргі уақытта егістіктер мен жайылымдарға қауіп төніп тұрған жоқ екенін атап өтті. Жалпы Қазақстан бойынша шегірткеге қарсы бір миллион гектардан астам жер өңделді.