К содержанию
ТараканУходи — дезинсекция в Усть‑Каменогорске ТараканУходи
RU
+7 707 3000 155 WhatsApp
Қауіпті жұқпалар
Қауіпті жұқпалар P1 2026 ж. 20 сәуір ·ВКО

Өскемен: 2025 жылда құтырудан 3 оқиға

Қазақстанда 2025 жылда құтырудан 3 оқиға тіркелген. Өскеменде құтырудың алдын алуға бағытталған санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Өскеменде 2025 жылда құтырудан 3 оқиға тіркелген. Құтыру 150-ден астам елде кездеседі, жыл сайын дүние жүзінде 55 мыңнан астам адам құтырудан қайтыс болады, Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

Құтырудың алдын алу шаралары Жануарлардың шаққан, тырнаған, сілекейлеген 60 153 адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде 1-ші тоқсанда 14134 адам, барлығына медициналық көмек көрсетілген. 2026 жылдың басынан бері құтыру оқиғалары тіркелмеген. Құтырумен ауыратындығының алдын алу мақсатында халық арасында медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет көрсетушілері құтырудың алдын алуға бағытталған санитарлық-ағарту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.

Құтырумен күресудің басты шарасы - құтыруға қарсы вакцинациядан өту және шағылған, тырнаған, сілекейленген жерді 20% сабынды-су ерітіндісімен көп мөлшерде жуу. Құтырумен ауыратындығының алдын алу мақсатында мыналарға көңіл бөлу керек:

  • жабайы жануарлармен байланысып қалмау керек, өйткені денсаулығы мықты жабайы жануарлар адаммен кездесуден қашқақтайды;
  • үй жануарларына құтыруға қарсы профилактикалық вакцинацияларды міндетті түрде жүргізу керек;
  • үй жануарының мінез-құлқында өзгерістер болған, басқа жануардан жарақат алған, белгісіз себептермен өлген жағдайда міндетті түрде мал дәрігеріне көрсетіп, бақылау орнату немесе өлім себебін анықтау керек;
  • жануармен байланысып қалған жағдайда, әйтсе де сырттай денсаулығы мықты болған кезде, жергілікті тұрғын жеріндегі травматологиялық кабинетке жедел жүгініп, жарақат (сүйек шайған) бетін өңдеу және вакцинация курсын өткізу керек. Вакцинация тегін жүргізіледі. Жарақатты өңдеу көп мөлшерде сабынды-су ерітінді (хозяйственное мыло) қолдану арқылы жүргізіледі;
  • ешқашан да тағайындалған емдеуден бас тартып, өз бетінше тоқтатпау керек, бұл трагедиялық салдарларға әкелуі мүмкін. Құтыру ауруынан емдеу дәрі-дәрмектері жоқ. Адамға ауырған жануар шаққан жағдайда құтыруға қарсы вакцина - тірі қалуға жалғыз шанс. Сондықтан вакцинация жедел жүргізілуге тиіс.
Дереккөз
YK.kz Общество

Осыған ұқсас жаңалықтар

Тегін кеңес алу — 2 минут

Маманға қоңырау шалыңыз — қысқа ғана бағаны және мерзімін айтады

Сайтты бағалаңыз
Пікіріңіз бізге ыңғайлырақ болуға көмектеседі
WhatsApp Қоңырау шалу